Қарызын өз қалтасынан төлейді: Аманаттық депутат Риддер ЖЭО-ға басшы болып тағайындалды
Риддер ЖЭО-ға басшы болып депутат Әміржан Нәбиев тағайындалды. Энергетика министрлігі оның ЖЭО-ның барлық қарыздарын өз қаражаты есебінен жабуға уәде бергенін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап өтілгендей, Нәбиев 1 шілдеден бастап Риддер ЖЭО-ның 100 пайызына иелік етеді. Ол бүгін энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі кезінде бүкіл қарызды өз қалтасынан төлейтінін айтты.
ЖЭО-ның жалпы борышы 5,5 миллиард теңгені құрайды.
"Министрлік тарапынан да берешек мәселесін бақылауда ұстаймыз", - деді Сәтқалиев.
Нәбиев 2014 жылдан бастап Алматы мәслихатының депутаты.
Құрылыс салушы ретінде ол экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі комиссияны басқарады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған