Көшеде түнеп жүр: Танымал композиторға жомарт жандар көмектесті
Көшеде түнеп жүрген танымал композитор Арман Қайназаровқа жомарт жандар көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақсы жаңалықты ақын Есет Табынбаев өзінің Facebook парақшасында жазды.
"Кешегі Қазалы тумасы Арман Қайназаровты жігіттер тауып алып, қол ұшын созған екен. Үмітсіз шайтан ғана. Келешекке деген талпынысы мықты болып тұр. Қолтығынан сүйеген, орнынан тұруға демеп жатқан азаматтарға Алла сауаптан жазғай! Десе де бір адамның тағдырына немқұрайды қарамай, жан-жақтан сұрастырып, көңілдегі адами асылдығын білдіріп жатқан ағайынға алғыс айтамын", – делінген жазбада.
Еске салсақ, бұған дейін белгілі қазақ әндерінің авторы Арман Қайназаровтың көшеде түнеп жүргені туралы жазған болатынбыз.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі