Елімізде өрт сөндіретін ұшақтар неге жоқ - Төтенше жағдайлар вице-министрі жауап берді
Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Қазақстанда өртті сөндіруге арналған ұшақтар жоқ екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналистер ТЖМ вице-министріне Сенат аясында сұрақ қойды.
"Бізде су төгетін құрылғылармен тек 33 тікұшақ бар, бірақ олардың 16-сы ғана өртті сөндіре алады. Қалғандары іздеу жұмыстарына, барлауға арналған. Бірақ олардың барлығы жолда бола алмайды, өйткені кейбір жоспарлы, реттеуші жұмыстар жүріп жатыр. Ал жартысына жуығы әрдайым жөндеуде. Ұшақтар жоқ, біз оған ақша сұрадық, бірақ бұл қарастырылмаған. Сондықтан әлі ұшақ сатып алған жоқпыз", – деп түсіндірді Күлшімбаев.
Қазақстандық әйел ер адамды танысудан бас тартқаным үшін басымды үстелге ұрды деп айыптады
Караоке басшысы әйелдің айыптауларын жоққа шығарды
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды