Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалғыздыққа үйреніп қалдым": Медеу Арынбаев жеке өмірі жайлы сыр шертті

Белгілі әнші Медеу Арынбаев El.kz ақпарат агенттігінің YouTube-тегі “Базарlike” бағдарламасында үйленуге ұлкен жауапкершілікпен қарайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бойдақтардың қатарындағы эстрада жұлдызы екінші рет үйленуге асықпайды.

“Жүрек қалауымды таптым” деп айта алмаймын. Ер азамат болған соң әрине, сүйіспеншілік, әуестік жоқ емес, үзілмейді. Бірақ үйленуге өте үлкен жауапкершілікпен қараймын. Алғашқыда бойдықты дас сезіндік, кейін қиналған кездерім болды. Маған демеу болып, күш қуат беріп жүрген ұлым мен қызым. Олар да ер жетіп, бой жетіп қалды. Құдай қаласа болып қалар, кездесіп қалар. Тірі жан болған соң бәріне көнеді екенсің. Жалғыздыққа да үйреніп қалдым. Менің қалауымнан шыққан жас қыз әлекке салып қоя ма, оның талабы қандай болады, кім біледі”, – дейді Медеу Арынбаев.

Өнер иесі ұлының да ер жетіп, шаңырақ көтеретін жасқа келіп қалғанын айтты.

“Балам 23 жаста. Ақ батамды беріп жатырмын. “Алға, егер кездесіп, жүрегің қалап жатса, ойланба, саспа. Барлығын жасап беремін” деп өзіне айтқанмын. Менің өзім 31 жасымда үйлендім. Әндетіп жүре беріппін. Содан кеш туылған балалар. Менің қатарымдағы адамдар немерелі болып жатыр. Өнер деп жүріппін. Бірақ сол өнердің арқасында 8 сыныптан бастап өз күнімді өзім көріп, нәпақамды таптым. Асып-тасып, котедж, үй салып кетпесем де, төрт бөлмелі пәтерім бар. Ұлым екеуімізді бір-бір көлік бар. Болды сол жетеді”, – дейді әнші.

баннер

Талқылау