Елімізде қазақ тіліндегі жалпыұлттық онлайн-диктант басталды
Елімізде үшінші рет ұйымдастырылып жатқан жалпыұлттық онлайн-диктант басталды. Жазба жұмысына бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін қатысуға болады.
Онлайн-диктантқа мына сілтеме арқылы қатыса аласыз:
Айта кетсек, диктанттың барлық қатысушылары бағасы көрсетілген атаулы сертификатқа ие болады. Ал жазба жұмысын ең үздік жазып шыққан үш адамның арасында үш iPad Air сыйлықтары ойнатылады.
Онлайн-диктант мәтінін актер, диктор Азамат Қанапия оқиды. Жазба жұмысы мәтінінің авторы этнограф Бибізия Кенжебекова.
Онлайн-диктантты қалай жазу керек? Білу керек ережелер мен кеңестер >>>
Жобаның басты демеушісі – Jusan Bank. Диктанттың тақырыбы қазақтардағы қаржы жоралғыларының мәні туралы болады және жазба жұмысы Jusan Bank-тың туған күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Диктантты сәтті жазып шығуыңызға тілектеспіз!
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды