Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақ табылды
Орал қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 24 сәуір күні болды.
"Сағат шамамен 11.31-де 102 операторына Надежда көшесі, 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған шақалақ табылғаны жөнінде хабар түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін нәрестенің ұл бала екендігі анықталды. Ол шұғыл түрде қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде", деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәбидің денсаулығына қатысты мәліметті кейін беретінін жеткізді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды