Атырау облысында "ҚазТрансГаз Аймақ" мекемесінен газ құбырлары ұрланған
Атырау облысында "ҚазТрансГаз Аймақ" мекемесіне тиесілі газ құбырлары ұрланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

21 сәуірде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ шағымы бойынша Атырау облысы прокуратурасының келісімімен облыстық полиция департаменті магистральдық газ құбырын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.
"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 1, 3-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілер қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Атырау облыстық прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"