"Құжаттары мен ақшасын алған": АҚШ-та өзіне ұқсайтын әйелді улап өлтіруге тырысқан ресейлік 21 жылға сотталды
АҚШ-та Нью-Йорк соты әйелді улап, құжаттары мен заттарын ұрлаған ресейлік Виктория Насырованы 21 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Квинс прокуратурасы мәлімдеді.
2016 жылдың тамыз айында Насырова өзіне ұқсайтын 35 жастағы Ольга Звикке қонаққа келіп, у қосылған тәтті сүзбелі торт ұсынған. Дәм татқан Ольга 20 минуттан соң есінен танып қалған. Кейін Насырова оның төлқұжаты мен бірнеше мың доллар қолма-қол ақшасын ұрлап кеткен. Дәрігерлер Цвикті аман алып қалды. Ал сүзбелі торттың құрамынан транквилизатор табылды.
2017 жылдың қазан айында АҚШ полициясы Насырованы қамауға алып, оған 29 бап бойынша айып тақты. Себебі әйел Цвикті улаудан бөлек, доминатрикс ретінде жұмыс істегені белгілі болды. Тергеушілердің айтуынша, ол танысу сайттарынан ер адамдарды тауып, олармен кездесіп, сусындарына немесе тағамға масайтатын қоспалар салып, кейін тонап отырған.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен