Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Малайзияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Малайзия қаласы Кучингте өткен World Junior tennis Competition 14&under Азия/Океания аймағының әлемдік біріншілігі біліктілігінің жартылай финалына өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финал кезеңінде жас қазақстандықтар Үндістан өкілдерін жеңді. Алдымен Ева Корышева қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен жеңді, содан кейін Еркежан Жанатаева қарсыласын 6:4,6:7, 6:2 есебімен басып озды. Бұл екі жеңіс қазақстандық топтың жартылай финалға шығуына мүмкіндік берді. 24 наурызда қазақстандықтар Жапония құрамасымен бақ сынасады.
Алдын ала топтық раундта қазақстандық жасөспірімдер Қытай мен Жаңа Зеландияның теннисшілерін 2:0 есебімен жеңді.
Биыл Чехияның Простеев қаласында жазда өтетін әлем чемпионатының финалдық бөлігіне тек үздік үш команда барады. Іріктеуде 1-2 орын алғандар барады, сонымен қатар финалға шықпаған командалар бір-бірімен тағы бір жолдамаға бақ сынасады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

