"20 жылға несие алды": Байжановтың ағасы Қазақстан бас прокуроры орынбасарының Франциядан қалай үй алғанын түсіндірді
Анонимді жеделхат арналарының бірінде бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжановтың шетелдік жылжымайтын мүлігі бар екені туралы хабарламалар пайда болып, әлеуметтік желілерде талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” басылымына сілтеме жасап.

Байжанов жеке өмірін талқылаудан бас тартып, мемлекеттік қызметке кіру кезінде меншік туралы мәліметтерді ұсынғанын айтты.
Вьетнамдағы қазақстандық елші, Ұлан Байжановтың ағасы Ерлан Байжанов бұған қатысты пікір білдірді.
“Елшілерге өздерінің тікелей құзыретіне жатпайтын бөгде тақырыптарға түсініктеме беру ұсынылмайды. Бірақ тегімнің ар-намысы мен қадір-қасиеті туралы әңгіме қозғалғандықтан, азаматтық құқығымды қолданамын. Заңға бағынатын азамат ретінде бауырым шетелдік меншігінің бар-жоғын жасырмағанын және оны салық декларациясында бірнеше рет көрсеткенін атап өтемін. Ол үйді 20 жылға несиемен алды. Бұл несиенің әлі бірнеше жылы төленген жоқ”, – деді Байжанов.
Оның айтуынша, бауырының үйге салғани нвестициясы сәтті болды, өйткені үйдің құны екі есеге жуық өсті. Оны сату арқылы үйдің бағасын да, пайыздарды да жабатынын атап өтті.
“Ұлан мансабының көп бөлігін жеке бизнесте, квазимемлекеттік секторда және банктерде өткізді, табысқа кенелді, қырық жылдан астам жұмыс істегеннен кейін мұндай мүлік алғанына таң қалатын ештеңе жоқ”, – деді бас прокурор орынбасарының бауыры.

Осыған дейін Ұлан Байжановтың отбасы Франциядағы Женева көліне қарайтын 15 сотық жер теліміне және сол жерде орналасқан 220 шаршы метрлік зәулім үйге иелік ететіні айтылған болатын. Оған қоса, Байжанов шетелде заңсыз алынған мемлекеттік активтерді Қазақстанға қайтарумен айналысатын комиссияның төрағасы болып табылады.
Байжановтың мансаптық жолы "Қазмұнайгаз" мемлекеттік мекемесі мен "Самұрық-Қазына" қорындағы басшылық қызметтермен байланысты. Ақпараттарға сәйкес, Байжановтар отбасының мүлкі Швейцариядағы Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің қызы мен күйеу баласы Динара мен Тимур Құлыбаевтардың вилласынан көлікпен жүргенде 10 минуттық жерде орналасқан. Үй 1 миллион 900 мың долларға сатылымға шығарылды.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді