"Төсекке күштеп жатқызған": Алматыда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрып-соққан
Алматыда элиталық балабақшаның тәрбиешісі баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желіде бүлдіршіннің анасы мәлімдеді. Ол сөзіне дәлел ретінде бейнебақылау камерасынан алынған бейнежазбаны ұсынған.
Онда шамамен 5-6 жастағы ұлды тәрбиешінің төсекке күштеп жатқызғаны, онан кейін жұлқылап басқа бөлмеге алып кеткені көрінеді. Баланың қатты жылағанын да анық естуге болады.
Анасы осы оқиғаны басқа ата-аналарға ескерту болсын деген ниетпен жариялағанын жеткізген. Бұл жағдайға қатысты оқу-ағарту министрлігі әзір ресми жауап берген жоқ.
Талқылау