Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам желіде танысқан қызбен алғаш кездесуге анасын алып барды

Үндістан тұрғыны Сиддхеш Локхер танысу қызметі арқылы қызбен танысып, онымен кездесу үшін мейрамханаға анасымен бірге келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Локхер танысу оқиғасын әлеуметтік желіде жариялады. Видеода ер адам жаңа танысын мейрамханада түскі ас ішуге шақырады, бірақ қызға өзімен бірге анасын алып келуді жоспарлап отырғанын айтпайды. 

Үндістандық анасына да кездесуде қыздың болатынын айтпаған. Анасымен бірге мейрамханаға бара жатқанда, Локхер аздап қобалжығанын айтады. Осыған қарамастан, екі әйелдің кездесуі өте сәтті өткен. 

Қыз басында қатты таңғалған, бірақ көп ұзамай жаңа танысының анасымен емін-еркін сөйлесіп, өзін жайлы сезіне бастайды. Жазбада қыздың жігіттің анасына танысу қызметінің қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп жатқанын көруге болады. 

Ерекше кездесу көптеген әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. "Бұл күтпеген жағдай болды", –  деп жазды біреуі. "Бұл ақымақтық", — деді тағы біреуі.

Кейбір желі қолданушылары қыздың жағдайға сіңісіп кеткеніне жылы сөздерін білдіріп жатты. "Мен әлі күнге дейін оның осылай істегеніне сене алмаймын ешқандай да ыңғайсыздық тудырмады", — деп атап өтті біреуі.

 

Талқылау