Алматыда дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан полицейлер марапатталды
Алматыда даладағы дәретхана шұңқырынан жаңа туған нәрестені алып шыққан полицейлер марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция капитаны Нұржан Шатунов өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін майор шенін алды. Ал баланы шұңқырдан алып шыққан лейтенант Ғазиз Хамасқалиевке үш жалақы мөлшерінде сыйақы беріледі.
Айта кетсек, күні кеше алматылық полицейлер даладағы дәретхананың шұңқырынан жаңа туған нәрестені аман алып шықты. Полицияға кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны туралы хабарлама түскен. Оны қаладағы ауруханалардың біріне жатқызған. Сол Түрксіб ауданы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Нұржан Шатунов нәрестені іздеп, оқиға орнына барған. Соның арқасында шақалақ аман қалды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған