AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кім айына 4,5 млн теңге жалақы алады? Айлығы ең жоғары лауазымдар аталды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алып жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жалақының ең жоғары мөлшеріне қатысты келесіні хабарлаймыз. Бюро жыл сайын "Жалақы құрылымы және оны бөлу туралы есеп" статистикалық нысаны негізінде кәсіпорындарға зерттеу жүргізеді. Есепті жылдың сәуір айында толық жұмыс істеген барлық қызметкерлер зерттеуге жатады.

Осылайша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары жалақы "Азаматтық құрылыс" саласындағы басқарушыда (коммерциялық қызметте) – 4,5 млн теңге сомасында, сондай-ақ "Шикі мұнай және табиғи газ өндіру" саласындағы бас директорда – 3,9 млн теңге және "Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа көтерме саудада сату" саласындағы инвестициялық жобалар жөніндегі директорда – 3,9 млн теңге болып белгіленді. Назар аударамыз, жалақы мөлшері лауазымға және экономикалық қызмет түрі, аймақ, біліктілік, жұмыс өтілі және басқалары сияқты маңызды факторларға байланысты", – деп жазылған Қазақпарат агенттігінің ресми сауалына жолданған жауапта.

Сонымен, ең жоғары айлықтың көлемі 3,9 млн теңгеден басталады десек, оны алатындардың еңбекке жарамды халықтың ішіндегі үлесі 0,1 пайызға да жетпейтін көрінеді.

"2021 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша зерттеуге қатысатын адамдардың жалпы санынан 3,9 млн теңгеден астам жалақыны 0,1% төмен адам алды. 275 мың теңгеден астам жалақыны 28,4% адам алды", – деп жазады Ұлттық статистика бюросының мамандары.

Бұған дейін бюро қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асқаны туралы мәлімет таратқан еді.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр