Ресейлік әйел Қазақстан курортының Түркиядағы жағажайдың орнын басатынын айтты
Ресейлік келіншек Ақтауда 195 мың рубльге қалай демалғаны туралы айтып, Қазақстанды Түркиямен салыстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік келіншек Мысырға демалысын Қазақстанға сапармен ауыстырып, жергілікті демалыс орындарының жақсы және жаман жақтарын атады.
Бойжеткеннің шолуын "Яндекс.Зен" платформасында "Тонкости туризма" порталы жариялады.
Саяхатшының айтуынша, ол Египет турының орнына Ақтаудағы Каспий теңізінің жағасындағы бес жұлдызды қонақүйде демалуды жөн көрген. Екі ересек адам мен балаға сегіз түндік демалыс құны 195 мың рубль шыққан.
Портал оқырманының пікірінше, Қазақстан Түркияда демалудың арзан баламасына айналуы мүмкін. Ол Қазақстанда демалудың артықшылықтары ретінде тікелей рейстің болуын, ішкі төлқұжатпен кіру мүмкіндігін және тілдік кедергінің жоқтығын атап өтті.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды