Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі концертінде бәйәдеп қылық көрсетіп, жұрттың ашуына тиген әнші қазақстандықтардан кешірім сұрады

Нурик Смит лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Ақтөбедегі концерті кезінде әдепсіз қылық көрсеткені үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұрғиса Әнуарбековтің концертінен үзінділер әлеуметтік желілерге таралып кетті. Ол жерден әншінің өзін дұрыс ұстамағаны аздай, түрлі боғауыз сөздерді айтқанын көруге болады. Мысалы, бір видеосында ол концертке келген әдемі бойжеткенге сәлем беріп, оған қолымен бейәдеп қылық көрсетеді. 

Сондай-ақ ол үстіндегі футболкасын шешіп, аудио колоннаның үстінде бірнеше үйкеліс әрекетін жасайды.

Әлеуметтік желідегілер рэпрдің қылығына наразылықтарын білдіріп жатыр. Ал кейбірі тіпті соңғы уақытта сахнада өзін лайықты түрде ұстай алмаған барлық музыканттарды, соның ішінде Нурик Смитті қатаң жазаға тартуды талап етті. 



Нуриктің өзі Instagram парақшасында халықтан кешірім сұрады. 

Менің есімім Нұрғиса. Мен қазіргі уақытта Ақтөбе тұрғындарынан және барша Қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен сахнаға ішімдік ішіп алып шыққаным үшін және сахнаға шығып балағат сөздер айтқаным үшін, өзімді дұрыс ұстамағаным үшін кешірім сұраймын. Мұндай іс екінші қайталанбайды деп мен сіздерге сөз беремін. Бәріміз пендеміз, бәріміз қателесеміз, бәріміз қателіктен өсеміз. Баршаңызға көп рахмет”, – деді Нурик Смит.  

Айта кетсек, бұған дейін Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында концерт берген Ирина Кайратовна жігіттері мен Shiza лақап атымен танымал Асхат Жолшиевтің әрекеті көпшіліктің ашуын тудырған болатын. Өнер иелері сахнаға Қазақстанның туын алып шығып, бейәдеп қылық көрсеткен. Шоу-бизнес өкілдері артынан кешірім сұрады.

Талқылау