Жамбыл облысында баланы зорлады деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды
Полиция Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлады, сонымен қатар оның қашып кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігінде (Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық) көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген 30 жастағы ер адамның қашып кеткені туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Ол 2022 жылдың 6 мамырында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) қамауда отыр.
Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Басқа мәліметтер жария етілмейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”