Қазақстанның қай өңірінде ер адамдар саны көп?
Қазақстанда 9,2 миллион ер адам тұрады. 2021 жылға арналған ресми мәліметтерді ҚР АПР Ұлттық статистикалық бюросы келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер азаматтардың басым бөлігі Түркістан облысында. Бұл өңірде ер азаматтар саны – 1,05 млн. Азаматтардың ең азы – Солтүстік Қазақстан облысында. Мұнда 257 мың адам тіркелген.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ерлердің 57 пайызы қала тұрғыны, 43 пайызы ауыл тұрғыны. Қазақ ерлерінің орташа жасы – 30 жас. Өмір сүру ұзақтығы – 66 жас.
Қазақстандық ерлердің көпшілігі 28 жаста отбасын құрады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр