Қызылорда облысында Сырдария жағалауынан ер адамның мәйіті табылды
Қызылорда облысының Жалағаш ауданы тұсындағы Сырдария өзені жағалауынан белгісіз ер азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Мәйіт ұзақ уақыт суда жатып қалған. Осыған байланысты табылған мәйіттің жеке басын анықтау үшін тиісті сот сараптамасы тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректерін жария етуге жол берілмейді", - деп мәлім етті департаменттен.
Ведомство мәліметінше, қылмыстық іс Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бақылауында.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде табылған мәйіт белгілі кәсіпкер Тынымбай Баженовтің денесі болуы мүмкін екені айтылуда. Ол 2020 жылдың 15 ақпанында хабарсыз кеткен болатын.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”