Өскеменде бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық полиция бөлімінің полицейлері осы жылдың қаңтар айының басында із-түзсіз жоғалып кеткен 40 жастағы Ольга Р.-ның денесі табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz порталына сілтеме жасап.

Биыл 1 қаңтарда Өскемен қаласының тұрғыны Ольга Рахвалова үйінен шығып, қайта оралмаған.
"3 қаңтарда Глубокое аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына 1 қаңтар күні сағат 14:00 шамасында 1982 жылы туған Р.О.-ның үйден шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы өтініш келіп түсті. Бұл факт белгіленген тәртіпте тіркелді, іздеуге жеке құрам жұмылдырылды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Әйелдің денесі үш ай төрт күннен кейін табылды. Эксперт-криминалистердің берген мәліметіне сәйкес, марқұмның денесінен жарақат табылмаған.
Өлімнің себебі тағайындалған сот-медициналық сараптама аясында анықталады.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті