Тоқаевтың жұмысын қамтамасыз етуге бюджеттен қанша қаражат бөлінеді
Қазақстанның қаржы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатта бұдан басқа, мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге қанша қаражат бөлінетіні көрсетілген. 2022 жылы бұл сома 8,1 млрд теңгені (17,4 млн доллар) құрады.
Президент Әкімшілігінің жұмысына биыл 10,6 млрд теңге (22,7 млн доллар), премьер-министрдің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге 3,4 млрд теңге (7,3 млн доллар) жұмсалады.
Сондай-ақ шығыстардың қатарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер де бар. Оған 1,2 млрд теңге (2,5 млн доллар) бөлінеді. Бұл ретте Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысына 1,3 млрд теңге (2,7 млн доллар) кетеді.
Құжаттың толық мәтінімен "Ашық НҚА" сайтында танысуға болады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн