Қанат Мусин түрме жүйесін әділет министрлігіне қайтару туралы айтты
Әділет министрі Қанат Мусин қылмыстық-атқару жүйесін әділет министрлігінің құзырына қайтару туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл істі қайтадан кері қайтару керектігін алға тартты.
"Мен қылмыстық-атқару жүйесін қайтарар едім. Өйткені адамды туралы тергеу жүргізгендер оны жазаға тартпауы керек. Менің ұстанымым осындай, бірақ өмір көрсетеді", - деді Қанат Мусин журналистермен кездесуінде.
Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі 2002 жылы Әділет министрлігінің құзырына берілгенімен, бірнеше жылдан кейін Ішкі істер министрлігіне қайтарылды. Қылмыстық атқару жүйесі әлі де Ішкі істер министрлігінің құзырында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"