AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әкесі ауруханаға қалдырып кеткен 2 жасар бүлдіршін балалар үйіне табысталды

Қорғаншылық және қамқоршылық орган өкілдері Алматы ауруханасына әкесі қалдырып кеткен екі жасар бала туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шенеуніктер мәліметінше, сәби төрт ай бойы жатқан №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасынан балалар үйіне ауыстырылған. 

"Сәби балалар үйіне табысталды. Дені сау. Әкесі болуы мүмкін деген азамат сотқа арызданды. Сот шешімін күтіп отырмыз", – деп мәлімдеді Алматы қаласы білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Таирова.

Бұған дейін қыркүйектен бастап Алматы ауруханаларының бірінде терезесі жоқ, тар палатада 5 ай жатқан сәби жайлы айтылған еді. 

Кейін полиция баланың 2021 жылдың 22 қыркүйегінде Asia Park сауда-ойын-сауық орталығының жанынан табылғанын хабарлады. Онымен бірге өзін баланың әкесі деп атаған ер адам болған. Әкесінің айтуынша, олар Жамбыл облысының Мерке ауылынан келген және баласымен бірге тұратын жері болмаған. Ер адам анасы баласы екеуін тастап, белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтты. Полицейлер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен оны ауруханаға апарған.

Кейін баланың ісі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жеткізілген. Онда 36 жастағы баланың әкесі ұлы ауруханада жатқанда “құжаттарын жасатып, баспана табамын” деп уәде берген. Алайда осыдан кейін ер адам іс-түссіз жоғалып кеткен. 

Кейін әлеуметтік желіде таралған шудан кейін баланың “әкесі” қайта пайда болған. Сондай-ақ тастанды баланың әжесі де табылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр