Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шешіндіріп, погондарын жұлған: Тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестердің полицейлерді қорлағаны түсірілген видео жарияланды

Әлеуметтік желіде қаңтар айының басында Алматыда болған тәртіпсіздік кезінде куәгерлер түсірген жаңа видео пайда болды. "Экспресс К" жариялаған бұл видеода лаңкестердің полицияны қалай мазақ етіп, киімдерін шешуге мәжбүрлегені көрсетілген.

Тәртіп сақшылары соққыға жығылып, бәрі қанға боялған.

Қайғылы оқиға Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар айының басында болды. Барлығы сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтардан басталды. 2 қаңтарда елдің батысындағы Жаңаөзен қаласында митингілер өтіп, кейін Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында митингілер қолдау тапты.

Алайда кейін бейбіт митингілер жаппай тәртіпсіздікке айналды. Әсіресе, Алматы қаласы көп зардап шекті. Қаңтардың 5-і күні қарулы қарақшылар тобы қала орталығын қиратып, қала әкімшілігінің ғимараттары мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді. Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.

Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті. Қазақстан билігі бүкіл елде төтенше жағдай енгізіп, лаңкестікке қарсы операция басталғанын хабарлады.

5 қаңтар күні таңертең Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберіп, Қауіпсіздік кеңесін басқарды. Ол лаңкестермен күресу үшін ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға шешім қабылдады.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешім қабылдады. Барлығы 2300-дей бітімгер келді. 13 қаңтарда ҰҚШҰ миссиясының сәтті аяқталғаны туралы хабарланды. Бітімгерлердің барлығы Қазақстаннан қайта шықты.

Соңғы мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктердің құрбаны болған 227 қазақстандық азамат, оның ішінде 19 әскери қызметкер. Тек Алматыда 149 азамат, оның ішінде 11 тәртіп сақшысы қаза тапты. Қазақстанда барлығы 4353 адам, оның ішінде 3393 қауіпсіздік қызметкері зардап шекті.

STAN.KZ
Жексенбі, 06 Ақпан, 2022 11:20
Талқылау