Алматы әуежайы бүгіннен бастап қалыпты режимде жұмыс істейді
Алматы әуежайы 19 қаңтардан бастап қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматыда төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағаттың аяқталуына байланысты 19 қаңтар сағат 00.00-ден бастап Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істей бастады", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Алматы халықаралық әуежайының аумағына автокөлікпен кіру уақытша шектеу қойылған.
Айта кетсек, Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 13 қаңтарда қала әуежайы қайта ашылды. Алайда төтенше жағдай мен коменданттық сағатқа байланысты таңғы 08:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істеді.
Еске сала кетсек, Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде ойрандаушылар әуежайды басып алған. Ғимарат терроризмге қарсы операция барысында босатылды.
Қытай көліктері нарықты қалай жаулап алды және оларды сатып алу тиімді ме
Қазақстанда қытайлық автомобиль брендтері арасында Changan, Chery, Haval, Jetour және Geely модельдері кеңінен таралған
Қазақстаннан арзан бензин тасып, Қырғызстанда қымбатқа сатады: Шекарада кептеліс мәселесі неге шешілмей тұр
Жанармай тасымалдаушылардың бірі осындай іспен күн көріп отырғанын айтады