Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр Өскеменде зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге түсінік берді (видео)

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Өскемендегі зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Брифинг барысында БАҚ өкілдері Өскемен қаласынан тараған видео туралы сауал қойды. Видеодан қаладағы титан-магний кәсіпорнының аумағында қызғылт түтін пайда болғанын көруге болады. 

"Бүгін сағат 12.00-де экология департаментіне әлеуметтік желі арқылы "ТМК" АҚ аумағында ықтимал апат туралы мәлімет келіп түсті. Жағдайды анықтау үшін экология департаменті сағат 12.15-те құрал-жабдықтармен сынама алу үшін санитарлық аймаққа барып, ауа құрамындағы зиянды заттардың бар-жоғын тексерді. Сынама қорытындысы бойынша хлордың мөлшері бекітілген норма шегінен асқаны асқаны белгілі болды. Келіп түскен арыз бойынша жоспардан тыс тексеру басталды. Оның қорытындысы қосымша хабарланады", -деді Серікқали Брекешев.

Cондай-ақ Серікқали Брекешев Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді. 

"АЭС бойынша жобалық-сметалық құжаттама түскен кезде қоршаған ортаға әсерін бағалау бағытындағы экологиялық сараптама жүргізіп барып өз пікірімізді ресми жариялаймыз. АЭС салу жобасы қолымызға тигеннен кейін ғана ресми ұстанымымызды білдіреміз", - деді министр брифинг барысында .

Талқылау