Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақшаның жетіспеушілігінен: Ақтауда екі баланың анасы 9-қабаттан секірмек болды

Ақтауда екі баланың анасы тоғызыншы қабаттан секірмек болды. Оның көршісі әйелдің өмірден шаршағанын айтып жазған хатын тауып алды. Қалдырған жазбаның ішіне ол тіпті, жақындарының телефон нөмірлерін көрсетіп қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қоршаудан өтіп кеткен әйелді үй тұрғындары байқаған. Олар полиция шақырып, 46 жастағы екі баланың анасын секіру туралы ойынан бас тартқызуға тырысқан. Тіпті, көршілері құлап кету жағдайына дайындалып,  әйелдің астына көрпе жайып үлгерген. Бірақ өмірден түңілген әйелді полицияны құтқара алды. Тәртіп сақшылары үш патрульмен келіп, 40 минут бойы олар әйелмен келіссөздер жүргізді. Бұдан соң полицейлер оны ұстап, ішке кіргізуге көндірген. 

“Біз әйелге мұндай қорқынышты қадам жасаудың қажеті жоқ екенін айттық. Қандай жағдай болмасын, бәрін шешуге болатынын жеткіздік. Әйел бұл қадамға отбасында ақша жетіспеушілігінен барғанын айтты. Ұлы студент екенін, оған қаражат жібере алмай жатқандарын жеткізді. Әріптесіміз екеуміз оны құтқару үшін бар күшімізді салдық. Бұл істі жасағанымызға өте қуаныштымыз”, – дейді Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция взводының командирі Болат Ибрагим. 

Талқылау