Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Pfizer вакцинаcы: Қарсы көрсеткіштер мен сақтау мерзімдері аталды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев брифинг барысында коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы қандай жағдайда сақталуы керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нариман Табынбаев Алматыдағы барлық 137 егу пунктіне Pfizer вакцинасы жеткізілетінін атап өтті.

"Үкімет бірінші кезеңде вакциналанатын үш басым топты анықтап берді. Қазір қалаға Pfizer препаратын әкелу жоспарда. Сонымен қатар бұл вакцинаны мектептерге бару арқылы жүргізуге рұқсат етіледі. Айта кетейін, вакцинация ерікті түрде және ата-аналардың келісімімен жүргізіледі", – деді спикер.



Сонымен қатар ол ведомствода вакцинаны сақтау бойынша нақты нұсқаулар бар екенін тілге тиек етті.

"Pfizer вакцинасы – 60-90 градус температурада сақталуы тиіс. Бұл әзірлеушілердің басты талабы. Ерітілгеннен кейін ампулаларды 2-8 градус температурада сақтауға болады. Препаратты жалпы алғанда 30 күнге дейін суық тізбекті сақтай отырып қолдануға болады, осы уақыт ішінде ол өзінің қасиеттерін сақтайды", – деп толықтырды Нариман Табынбаев.

Талқылау