Цирктегі аю жүкті әйелге шабуылдады: Жантүршігерлік видео жария болды
Ресейдің Орёл қаласында аю цирк көмекшісіне шабуыл жасады. Оқиға 16 қазанда Гранд Цирк кешкі шоуы кезінде болған деп хабарланды.

Видео RT Telegram каналында пайда болды. Жергілікті БАҚ бастапқыда жануар сабырлы болып көрінгенімен, кейін жүкті әйелге шабуыл жасаған дейді.
"Оның әріптесі ашуланған аюды тоқтатпақ болды, бірақ ол қамшының соққыларына жауап бермеді. Жәбірленушіні жедел жәрдем алып кетті", – дейді куәгерлер.
Қазір цирк қызметкері ауруханаға жатқызылды, әйелдің жағдайы әлі белгісіз.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады