Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Ақмола облысында ер адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақмола облысында Шортанды ауданының із-түзсіз жоғалған 42 жастағы тұрғыны іздестірілуде. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қазанда Шортанды аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 42 жастағы әйел хабарласып, із-түзсіз жоғалған 1974 жылы туған күйеуі Сағындық Қасанайұлы Бимүрзеновты табуға көмек сұрады. 

Әйелдің сөзінше, күйеуі 6 қазанда сағат 14:00 шамасында үйінен көк түсті "Урал" велосипедімен шығып кеткен, содан бері хабарсыз. Сағындықтың бойы 184 см, дене бітімі орташа, шашы қысқа қиылған, арасында ақ шаштары бар, көздері ерекше белгілері жоқ. Үстінде төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерінің арнайы киімі, аяғында қара түсті кебіс, сондай-ақ өзімен бірге "Самсунг А-40" маркалы ұялы телефоны болған.

"Іздестіру іс-шараларына Шортанды аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Төтенже жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді, қонақүйлер, жалға алынған пәтерлер, қараусыз қалған құрылыстар, саяжай массивтері, қоғамдық көлік жүргізушілері және жеке тасымалдаумен айналысатын такси жүргізушілерімен жұмыс жүргізілуде", – деді ведомстводан. Осы ретте, полиция қызметкерлері жоғалған тұрғын туралы қандайда бір мәлімет білетін адамдар 102 телефонына хабарлауды сұрайды.
 

Талқылау