"Боксшыларды лесбиге айналдыруда": Аида Сатыбалдинова ұлттық құрамадағы сұмдықтың бетін ашты
Былғары қолғап шебері Аида Сатыбалдинова бокстан Қазақстан әйелдер құрамасында болып жатқан жағдайды мәлімдеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Боксшы Instagram желісінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді.
Оның айтуынша, ұлттық құрама сапындағы боксшы қыздар дәстүрлі емес сексуалды қарым-қатынасты ұстанады. Ал бапкерлер бұл әрекетті біле тұра ешқандай шара қолданбайтын көрінеді.
"Қайырлы күн! Менің үндеуім тек біздің ел – Қазақстанға қатысты. Бүгін мен ұлттық құрамадағы әйелдер боксын тақырыбын қозғағым келеді. Әйелдер боксы бойынша ұлттық құрамада қыздар дәстүрлі емес сексуалды қарым-қатынасты ұстанады. Маған негізінен бәрібір, кімнің қандай жолда жүретіні. Бірақ мен бұл идеологияны жас ұрпаққа дәріптеуге қарсымын. Сіздердің әрқайсыңыздың қызыңыз, қарындасыңыз, немереңіз бар. Менің ойымша, сіз балаңыздың миына: "Қыз қызды жақсы көрсе, онда бұл қалыпты жағдай” дегенді құю үшін өсірген жоқсыз. Қазақстанда менің де жиендерім бар, олар үшін мен де алаңдаймын. Ешқандай жағдайда оларға осы идеологияны көрсеткім келмейді”, – деді ол.
Ал бапкерлер бұл әрекетті біле тұра ешқандай шара қолданбайтын көрінеді.
"Бапкерлер де, басшылар да мұның бәрін біледі. Алайда бәріне көз жұма қарайды. Әрбір бапкер шәкіртін Олимпиада ойындарына апарғысы келеді. Сол үшін барын салады. Бірақ олардың шәкірттері кез келген уақытта келіп: "Мен бокстан кетемін, тұрмысқа шығамын", немесе “аяғым ауыр" деп айтуы мүмкін. Бұл бапкерлер үшін тиімді зат емес. Қанша жыл шәкірті үшін барын салады, ал олар ақыр соңында боксты тастап кете барады”, – дейді боксшы.
Оның айтуынша, cол үшін боксшы қыздарды спортта ұстап қалу үшін, жаттығу кезінде, жарыс кезінде бір-бірін жақсы көріп қалуы үшін бәрін жасайды, жолын қарастырады.
“Осындай былық болып жатыр. Әрине, әркімнің жеке өмірі бар. Кімді сүйсе де, әркім өзі біледі. Бірақ мен мұндай іс-әрекетті өскелең ұрпақтың бойына саналы түрде сіңіруге қарсымын. Амал жоқ осылай болып жатыр. Меніңше, бұған ең алдымен бапкерлер кінәлі. Олар шәкірттеріне дұрыс идеология жүргізуі керек. Алайда олар бас пайдасы үшін осындай әрекетке барып отыр. Оларды қыздардың болашағы, алдағы тағдыры алаңдатып отырған жоқ", – дейді Аида Сатыбалдинова.
Боксшы президентті, құрамаға жауап беретін шенеуніктерді, министрліктерді, осы жағдайдың алдын алу үшін шара қолдануға шақырды.