Құдық қазбақшы болған саудагер күтпеген жерден байлыққа кенелді
Шри-Ланкада әлемдегі ең үлкен жақұт тастарының шоғыры кездейсоқ табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шри-Ланка билігі әлемдегі ең үлкен жұлдыз жақұт таужыныстарының шоғыры кездейсоқ табылғанын хабарлады. Табылған тастардың салмағы 510 келі немесе 2,5 миллион каратты құрайды. Ал бағасы 100 миллион доллардан асады.
Сапфирлер Шри-Ланкадағы Ратнапура минералды округіндегі аса бағалы тастар сататын саудагердің үйінің ауласынан табылған. Өзін Гэмидж мырза деп таныстыруды өтінген ол қауіпсіздік мақсатында өзінің толық аты-жөні мен үйінің нақты орналасқан жерін айтқысы келмейді. Тек жұмысшының құдық қазған кезде, бозғылт көк тастардың үлкен шоғырына тап болғаны туралы хабарланған.
Асыл бағалы тастар сататын саудагер Гэмидж бірден билікке бұл туралы хабарлаған. Бірақ оны талдауға және сертификаттауға дейін тастар мен басқа да қоспалардың жиналуын тазарту үшін бір жылдан астам уақыт қажет болды. Зергерлік бұйымдарды бағалағаннан кейін бұл жоғары сапалы сапфирлер екені белгілі болды.
Табылған сапфир "Серендипити" деген атау алды. Қазіргі ағылшын тілінде "serendipity", "интуиция" немесе “кездейсоқ орын алған нәрсе” деп аударылады. Алайда, бұл сөз Шри-Ланканың ежелгі араб атауынан шыққан "Серендип" немесе "Серендиб" сөзінен шыққан.
"Мен бұрын-соңды мұндай үлкен кесекті көрген емеспін. Ол шамамен 400 миллион жыл бұрын пайда болған шығар", – дейді геммолог Гамини Зойса Би-Би-Сиге.