Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Коронавируспен ауыратындардың интеллект деңгейі төмендейді

Лондон Императорлық колледжі мен Кембридж университетінің ғалымдары коронавируспен ауыратын науқастарда ақыл-ой деңгейінің айтарлықтай төмендегенін анықтады. Зерттеу The Lancet журналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экспериментке 81 337 адам қатысқан. Олардың 12 689-ы әртүрлі ауырлықта COVID-19-бен жұқтырғандар. Тестке танымдық мүмкіндіктердің аспектілерін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы кірді. Нәтижесінде, науқастардың көпшілігінде, тіпті жеңіл формада ауыратындардың өзінде вирусты жұқтырмағандарға қарағанда тапсырмаларды орындау мәселе туғызған. 

Ең үлкен айырмашылық ойлауды қажет ететін тапсырмаларды шешуде анықталды. Сырқат неғұрлым ауыр болса, науқастар соғұрлым тесті нашар тапсырған. Вирустың когнитивті дағдыларға қалай әсер ететіні әлі анықталған жоқ. Бірақ ғалымдар бұл таңғалатын дүние емес дейді. Коронавирус миға шабуыл жасап, психикалық және неврологиялық мәселелерге әкеледі. Сондықтан танымдық қабілеттерге әсерін тигізуі мүмкін.


Ғалым коронавирусқа қарсы антиденеге сынақ тапсырудың қажеті жоғын айтты


Сондай-ақ жұмыс авторлары когнитивті қабілеттің төмендеуі мен инфекция басталғаннан бері өткен уақыт арасында байланыс бар-жоғын тексерді. Нәтижесінде олар ешқандай байланыс көрмеді: демек, COVID-19 қайтымсыз салдарға әкелді. 

"Біз COVID-19 бен когнитивті қабілеттер арасындағы байқалған өзара ұқсастықтың негізі неде екенін әлі білмейтінімізді есте ұстаған жөн. Сондай-ақ бұл жағдайдың қаншалықты уақытқа созылатыны да белгісіз”, – дейді Хэмпшир.

Зерттеушілер олардың жұмысы басқа ғалымдарды COVID-19-бен мидың жағдайы арасындағы байланысты мұқият зерттеуге итермелейді деп үміттенеді.

Талқылау