Бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімі ұзартылмақ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін ұзарту мәселесін пысықтауға кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде осы мәселе Әлеуметтік кодексті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы аясында қаралып жатыр.
"Бұл мәселе бойынша түрлі тәсілдер пысықталуда. Оларды қарау қорытындысы бойынша бюджет комиссиясы қолдау көрсетсе, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс аясында жақсартылған норманы қарастыратын боламыз", – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бала күтіміне арналған жәрдемақыны ұзарту мәселесі қоғамда талай рет көтерілген. Мәжіліс депутаттары да үкіметке сауал жолдап, әлеуметтік төлемнің мерзімін ұзартуды талап еткен. Мәселен, Қазақстан халық партиясының мәжілістегі фракциясы бала күтіміне арналған жәрдемақыны төлеу мерзімін үш жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен
