Қарағандыдағы жаяу жүргіншілер өткелінде 6 жасар қызды көлік қағып кетті (видео)
Қарағандыда 34 жастағы жүргізуші алты жасар қызды қағып кетті. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Саранское тас жолында Сабурханская шахтасының Орталық өңдеу қондырғысы маңында алты жасар қыз баланы көлік қағып кетті.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жарақат алған қыз ата-анасымен бірге жолдан өтіп бара жатқан.
Куәгерлер оқиғаның видеосын түсіріп, әлеуметтік желіге салған.
"Ісі полиция басқармасында тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процедуралық шешім қабылданады", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған