Батыс Қазақстанда найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті
Батыс Қазақстан облысында найзағай түсіп, гараж бен автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 3 маусым күні сағат 04.30-да Ақжайық ауданы Мерген ауылында болды.
М.Әуезов көшесі 25/2-мекенжайында орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында гараж бен "ВАЗ-2108" автокөлігі отқа оранды.
Өрт аумағы 50 шаршы метрді қамтыды. "Тілсіз жау" №10 өрт сөндіру бөлімшесінің күшімен сағат 05.33-те оқшауланып, 05.46-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәліметке қарағанда, өрт найзағай түскеннен шыққан. Өңірде 3 маусымға қараған түні найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған