Коронавирус маса арқылы жұғады: Әлеуметтік желіде жәндіктер инфекция тасымалдайтыны жайлы ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде коронавирус маса арқылы жұғады деген ақпарат талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының пікірінше, жәндіктер инфекция тасымалдайды. Желі қолданушылары жазда маса шақса COVID-19 жұқтыруға болады деп алаңдауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме беріп.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қансорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазіргі кезде SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екені туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін мұқият сақтаңыз", - делінген ДДСҰ сайтында.
Айта кетейік, Sars-CoV-2 вирусы ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Ол сілекей мен ылғал бөлшектерінде, сондай-ақ мұрыннан аққан бөліністерде болады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған