Өскеменде 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Өскеменде бір күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім ізделуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция бөлімінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жасөспірімді табу үшін қажетті іздеу шараларының барлығы жүргізіліп жатыр.
"Кеше, 30 сәуір күні, кешкі сағат алтыда, 2007 жылы туылған кәмелетке толмаған Рустам Слембаев үйінен шығып кеткен. Содан кейін бала үйіне оралмады", - дейді полиция.
Тәртіп сақшылары жасөспірімді соңғы рет Красин ауылында көргенін түсіндірді.
Руслан Слембаевтың бойы 150-160 сантиметр, дене бітімі арық, ақшыл, қысқа, ашық қоңыр шашты, көк көзді.
Ол сұр сырт киім, бейсболка, қара сұр спорт костюмін киген. Ол көк түсті велосипедпен шыққан.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Зообелсенділер бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"Тоқырау жылдарында оқуға түсе алмадым": 50 жасында диплом алған алматылық медбике өз арманын қалай орындады
Жалғызбасты ана екі қызын аяққа тұрғызу үшін жоғары білім алуға мүмкіндігі болмаған