Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық вакцина шығарушылардың табысы белгілі болды

Қазақстандық вакцина өндірушілердің айлық табысы белгілі болды. QazVac вакцинасын шығарушылардың жалақысы көтеріледі дейді БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина

"Ғалымдардың жалақысын көтеруге қаражат бөлінді. Жақында республикалық бюджет комиссиясы өтті, онда осы шара толық қолдау тапты. Институттың ғылыми қызметкерлерінің орташа жалақысы 325 мың теңгеден басталады. Әкімшілік және қызмет көрсету персоналының жалақысы 250 мың теңгеге дейін жетеді, - деді Жанна Құрманғалиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, 2022-2024 жылдары еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ғылыми зерттеуге институтқа 2,8 млрд теңге, жылына шамамен 1 млрд теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, институт қызметкерлері үшін тұрғын үй мәселесі шешілетін болады.

Институттың жанында биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері үшін жалпы көлемі 180 пәтерлік үш үй салынуда. Жақында ғана республикалық бюджеттен тұрмыстық техника, жиһаз және өзге де жабдықтар сатып алуға 293 млн теңге бөлінді. Біздің ғалымдар мен институт қызметкерлері осы пәтерлерге кірген кезде, олар жайлы өмір сүру үшін барлық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етіледі, - деді БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы.

 

Талқылау