Сәуір айында Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Синоптиктер сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің мәліметінше, сәуір айында күн біртіндеп жылына бастайды. Ауаның орташа тәуліктік температурасының 0°C арқылы оң мәндерге тұрақты ауысуы республиканың солтүстігінде бірінші онкүндікте жүреді, үшінші онкүндікте бұл аймақтарда орташа тәуліктік температура +5°C-тан асады. Қазақстанның оңтүстігінде бірінші онкүндікте ауаның орташа тәуліктік температурасы + 10°С-тан жоғары өзгереді.
Сәуірде наурыз айымен салыстырғанда жауын-шашын мөлшері көбейеді. Аумақтың көп бөлігінде жауын-шашын мөлшері 15-30 мм, Қазақстанның шығысында кей жерлерде 50-90 мм, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының тау бөктері мен таулы аймақтарында 100-150 мм құлайды. Кейде жауын-шашын мөлшері көпжылдық мәндерден 4-5 есе асып кетуі мүмкін.
Қазақстанның барлық аймағында найзағай болады деп күтіледі. Ал тұман - негізінен Қазақстанның солтүстік жартысында байқалады.
Консультативтік болжамға сәйкес, 2021 жылы сәуірде республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы Маңғыстау, Атырау, Қызылордыр, Түркістан облыстарында +2 +9°С құраса, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстары, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында +10 +16°С болады.
Каспий теңізінің оңтүстігінде және республиканың батысында және солтүстік жартысында тұрақсыз ауа-райы қалыптасады. Солтүстігінде және оңтүстіктегі таулы аймақтарында, Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысында аралас жауын-шашын әлі де болуы мүмкін. Кей жерлерде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с-ге дейін жетеді. Республиканың кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін.
Бірінші онкүндіктің басында Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтілуде, тек батыста және оңтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын болады. Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республикада ауа-райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Тұман түсіп, мұз қатады.
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнгі және күндізгі жоғарылауы күтіледі:
- батыста түнде +2 +7°С дейін, күндіз +5 +15°С дейін;
- солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста бірінші онкүндіктің екінші жартысында түнде -5 -15°С, -2 +3°С, күндіз +2 +10° дейін, орталықта және шығыста +13°C дейін;
- республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде -8°С-ден +2 +10°С-ге дейін, күндіз +5 +15°С-тан +10 +23°С-қа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі температураның төмендеуі болжануда.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массалары жылжыған кезде температура жоғарылауы мүмкін.
- Елдің солтүстігінде, орталығы мен шығысында күндіз +15 +25°С дейін;
- Қазақстан Республикасының оңтүстік облыстары мен батысында +20 +30°С дейін.
Алайда, суық ауа райының қайта оралуы және ауа температурасының едәуір төмендеуі жоққа шығарылмайды.
Ескерту: ай сайынғы болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты түзетілетін және онжылдықтағы ауа-райы болжамымен жаңартылатын кеңес беруші ретінде қолданылуы керек.