Қазақстандық дәрігерлер жетпейтін дәрілердің орнын толтыру үшін жалған диагноз қойып келген
Дәрігерлер не себепті қазақстандықтарға жалған ауыр диагноз қойып, неліктен қызмет көрсетілмегенін және науқастарға берілген дәрілердің қайда кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Міндетті медициналық сақтандыру қорының сарапшылары көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміндегі шикіліктерді анықтады.
Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігінің отырысында қордың басшысы Болат Төкежанов мәлімдеді.
Негізгі заң бұзушылық көрсетілетін медициналық көмек түрін қажетті көмектен 60 пайызға артық жазғаны анықталды. Осыдан кейін құжаттар мен клиникалық хаттамалардан сәйкессіздік пайда болған.
Нәтижесінде, медициналық ұйымдарға ережелерді бұзғаны үшін 9 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ
