Асқар Мамин студенттердің стипендиясы қаншаға өсетінін айтты
Биыл студенттер стипендиясы 2 есе өседі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин Nur Otan фракциясының кеңейтілген отырысында хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл 20 мың адамға тегін оқу мүмкіндігі беріледі. Кейін жыл сайын ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға дейін жеткізіледі.
Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 пайызға артып, 2 есе өседі. Ал магистранттар мен докторанттарға жыл сайын 10 пайызға артып, 1,5 есе өседі, - деді Мамин.
Айта кетейік, 2023 жылға қарай мұғалімдердің жалақысы 2 есеге өсіп, 330 мың теңгеден асатын болады. Орташа жалақы жыл сайын кем дегенде 25% өседі.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады