Бойжеткенмен кездесуге барған ақтөбелік сан соғып қалды
Ақтөбе тұрғыны қызбен кездесу барысында 600 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Диапазон" басылымы таныстықтан соң жастар пәтерге бет алғанын жазады.
Келесі күні ер адам ваннаға түспек болып, қызға тамаққа тапсырыс беріп, телефондағы банк қосымшасының көмегімен оның шотынан төлем жасауды сұраған. Қыз тапсырыс бергенімен қоймай, жігіттің шотынан өзінің танысына 600 мың теңге аударды, - делінген хабарламада.
Ер адам ақшаның жоғалғанын кейінірек түсініп, полицияға жүгінген.
Тергеу барысында күдікті қыз ақшаны өзіне жұмсағанын мойындады. Алайда сотта қыз оның үйіне екі таныс ер адам келгенін, оны ер адамның телефонын ашып, шотынан ақша аударуға мәжбүрлегенін айтқан.
Сот 31 жастағы әйелді екі жылға соттап, жәбірленушіге 600 мың теңгені қайтаруды міндеттеді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді