Көлік, шатыр, бақша қап-қара: Семейде жауған қара қар тұрғындарды шошытты

Семейде қара түсті қар жауып, тұрғындарды шошытқан. Тұрғындар будақтаған қара түтінге қақалып, денсаулықты әбден құртатын болдық дейді. Қардың қара түске боялуына Жылу электр станциясы себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

Тұрғындардың сөзінше, қалың көпшілікті қорқытып, тұрғындардың зәре-құтын қашыртып, демалуға мұрша, көшеде адамша жүруден қалдырған бұл құбылыс жыл сайын орын алатын жағдай. 

"Міне бір қар жауды. Аппақ. Сосын "сажа" кетті. Сосын тағы қар жауды", - дейді тұрғынның бірі. 

Олардың айтуынша, күнделікті тіршілікке қажеттінің бәрі қара түске боялуда. 

"Көлікті жусаң да, жумасаң да қап-қара, шатыр қара. Бау-бақша да қап-қара. Бұл қалыпты ма?", - дейді қала тұрғыны Анастасия. 

Ауадағы көміртек оксидінің шамадан тыс болуы түбінде жақсылыққа апармасын қарапайым халықтың өзі бес саусағындай біледі.

"Пештің түтіні бізге келеді. Себебі күні-түні жағылады", - дейді қала тұрғыны Әсия Сұлтанова. 

Экология министрлігінің  жүргізген зерттеуіне сәйкес, жылу электр станциясының жұмысынан бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Дәлірек түтін жолдарының техникалық жай-күйі сын көтермейтіні, онда саңылаулар мен тесіктер бар екені белгілі болды. Салдарынан ауаға тараған көміртек оксиді шамадан екі есе жоғары екен.

"Ауаға келтірілген зияны 61 млн теңге болып отыр. Айыппұлы - 15 млн теңге. Шаңның 27 есе асқаны анықталған. Қазір облыс әкімшілігімен жағдай қарастырылып жатыр", - дейді Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев. 

Ал жылу электр станциясының басшылығы қаланың қара қарға жамылуын қазандықтың толыққанды жұмыс істемей, салдарынан көмірдің соңына дейін жанып үлгермеуімен байланыстырып отыр. Айтуларынша, бұған 2 млрд теңге қарастырылыпты.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр