Ақтөбе облысындағы ауылдың экс-әкімі ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында ауылдық округтің әкімі сотқа тартылды. Оған ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ Ақтөбе филиалы шаруа қожалығының иесіне жалпы құны 11 840 000 теңгені құрайтын "Құлан" бағдарламасы бойынша 40 жылқы сатып алуға несие бергені анықталды. Шаруа қожалығының иесі қаражатты алмағанын айтады.
"Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ауылдық округтің әкімі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен "Ірі көлемде алаяқтық" ісі бойынша жалған құжаттар мен түбіртектер жасап, өзінің жеке мақсаттары үшін қолданғанына кінәлі деп танылды", - деп хабарлады ҚР қаржы министрлігі ҚФМ баспасөз қызметі.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі