Қазақстанда ең алғаш рет тікұшақ құрастырылды

Қазақстанда құрастырылған тікұшақтардың бірінші партиясы тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

2020 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласында «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ кәсіпорнында жасалған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мұқтаждықтары үшін Ми-8АМТ тікұшақтарының бірінші партиясын салтанатты тапсыру өтті.

Тікұшақтарды жинау жөніндегі осы жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша 2015 жылы берген тапсырмасына сәйкес іске асырылды.

Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты. 

Ми-8АМТ-көп мақсатты тікұшақ - әлемдегі ең танымал екі қозғалтқышты тікұшақ. Көптеген азаматтық және әскери міндеттерді орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр