Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цой келесі жылы вакцина кімдерге тегін болатынын айтты

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бәріне бірдей тегін болмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ЦойМинистрдің айтуынша, ең бірінші кезекте қауіпті аймақта жүрген мамандар, атап айтсақ, дәрігерлер, ұстаздар мен ішкі істер қызметкерлері тегін вакцинамен қамтамасыз етілмек. 

"Алдын ала болжам бойынша вакцинаның құны екі доза үшін 20 долларды құрамақ. Бұл екпенің нақты бағасы емес, өндіріс барысында анықталады. Біз басқа да шетелдік серіктестерімізбен келіссөздер жүргізудеміз. Мүмкін, нарықта коронавирусқа қарсы бірнеше вакцина пайда болатын шығар. Ал кімдердің вакцинаны тегін немесе ақылы өтуі кейіннен анықталады", - деді ведомство басшысы. 

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ)  әлемде алғашқы тіркелген коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеп, сондай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.     

Қазақстан Республикасының реттеуші органдары қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізеді және ел аумағында «Спутник V» вакцинасының кемінде 2 млн дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді.

Талқылау