Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес жылдан кейін Қазақстанда қандай мамандықтар пайда болады: Сенуге келмейтін болжам

Қазіргі таңда заман ағымымен бірге күн сайын жаңа мамандықтар пайда болса, ал енді бірі ескіріп, бара-бара сұранасын жоғалтуда. Осыған орай, Еңбек және қоғамдық даму министрлігі болашақта танымалдылығы артып, беделге ие болатын жаңа мамандықтардың атласын құрастырыпты. 

робот

Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы - әр саладағы сарапшылардың пікірі ескеріліп құрастырылған, болашақта пайда болатын мамандықтардың жинағы. 

Ұйымдастырушылардың сайтында көрсетілгендей, ұсынылған мамандықтар атласының материалдары технологиялық форсайт негізінде болашақты болжау әдістемесін қолдануға негізделген. Технологиялық Форсайт алдыңғы қатарлы технологиялар мен кең инновациялардың дамуымен қандай еңбек дағдылары сұранысқа ие екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, аталмыш атласта тоғыз сала мен 55 сарапшы пікірінің негізінде 463 мамандық іріктелген. Олар 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі деп күтілуде. Сіздерге кәсіптер атласындағы ең қызық деген мамандықтарды ұсынамыз.

Сүт фермаларындағы роботты мал өсіруші

Ауыл шаруашылығын цифрландыруға деген сұраныстың өсуі мен ауыл шаруашылығы саласындағы адам санының қысқаруынан 2025-2030 жылдары пайда болады деп күтілуде. 

Маман сүт фермасында роботтарды, атап айтсақ, сауын роботтарын, азықтандырудың автоматтандырылған жүйелерін, көңді жинауға арналған роботтарды басқара алады.

Сандық агроном

Егістіктің өнімділігін бағалау, топырақты агрохимиялық зерттеп қарау, материалдарды (тұқымдарды, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, суаруды және т.б.) саралап енгізу, вегетациялаудың спутниктік мониторингі, алқаптарды қарап шығу - жұмыстардың барлық түрлерін орындау цифрлық технологияларды пайдалануға негізделеді екен.

Эко талдаушысы

Өндірістің экологиясына қойылатын талаптар мен зиянды заттар эмиссиясына салынатын айыппұлдың өсуі кәсіпорын басшылығының шешім шығару үшін көп ақпаратты қажет етуіне алып келеді: айыппұл төлеуді жалғастыра беру, зиянды заттарды сүзгіден өткізіп жоятын құралдарды немесе тазалағыш құрылыс нысанын сатып алу. Экоаналитиктің міндеті - зиянды заттардың қоршаған ортаға эмиссиясын есептейді, жаңа сүзгіден өткізгіш құралдарды орнатудың немесе құрал-жабдықтарды жаңарған технологиялық жабдықтармен ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындайды.

Адам капиталын дамыту бойынша инженер

Әр адамның CRM-картасы негізінде адам денсаулығын сақтау және дамытудың жеке бағдарламасын әзірлеп, оны жүргізетін маман. Ол әрбір қызметкерге жеке портрет әзірлейді және оның денсаулығының дамуына болжам жасайды, ауруын бақылап, нақты бір жұмыстарға жіберу немесе жібермеу жөнінде шешім шығарады.

кәсіп

Қашықтықтан жұмыс мамандықтарының әзірлеушісі

HR-саласының қолданыстағы мамандықтарына қарағанда, жаңа мамандар тек қызмет көрсетіп қана қоймайды, ол бар мамандықтарды өзгермелі заманауи жағдайларға трансформациялайды (бейімдейді). Қашықтықтан жұмыс істейтін мамандықтардың көп тізіміне ие кәсіпорындар бәсекелестікте кадрлар жетіспеушілігін шешу жағынан артықшылығы болады.

Ұшқышсыз машиналар операторы

Кәсіпорын аумағында қозғалыста болатын ұшқышсыз самосвалдардың бағыттарын бағдарламаға салуды іске асырады. Маман-оператор машиналарға жанар-жағар май құю орындарын, тиеу-түсіру нүктелерін орналастырып, карьердің формасы мен өзекті жағдайына қарай машиналарға тиімді бағыттарды белгілейді. Кәсіптің жаңашылдығы: техникадан арақашықтықта тұрып басқарылатын жаңа қағидаларға негізделген, карьерге арналған техниканы басқаруды іске асырады. Бірнеше нысандарды бір уақытта басқару. Құзыреті: карьердің орналасуын, машиналарға жанаржағармай құю орындарын, тиеу-түсіру нүктелерін білу, бағыттарды бағдарламаға сала білу.

Виртуалды тәлімгер

Жұмысқа қабылданған жұмыскерлерді оқытудың жеке бағдарламаларымен және дағдылардың жеке талдауларымен қамтамасыз етіп, оқытады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы

Ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қазірдің өзінде өндірісте бірқатар міндеттерді орындайды: қосалқы бөлшектер мен материалдарды жеткізуді жүзеге асырады, өндірістік процестерге мониторинг жүргізеді. Болашақта дрондарды қолдану кеңейеді. Құрылғылар автономды жұмыс операцияларын орындауға көмектеседі және тағы басқалар. Кен орнындағы немесе құбыр учаскелеріне қызмет көрсету кезіндегі қызметкерлердің орнына ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы келеді.

Өндірістік психолог

Зерттеулер көрсеткендей, атом электр станцияларындағы қателіктердің көпшілігі адам факторынан туындайды. Егер сіз жұмысшылардың психотиптерін диагностикаласаңыз, олардың үйлесімділігін анықтасаңыз, кәсіпорындағы қақтығыстардың алдын алсаңыз және қателіктер санын едәуір азайтып, атом электр станцияларының сенімділігін арттыруға болады, мұнда сәтсіздік немесе апат бағасы өте жоғары болуы мүмкін. Құзыреті: қызметкерлердің психологиялық жағдайын диагностикалау, адамдардың ұжымдағы жұмысқа дайындығын анықтау, АЭС-тегі кәсіпорындағы күрделі жүйелерді басқаруға мамандардың дайындығын анықтау, адам факторына байланысты қателердің тәуекелдерін қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, кәсіби дағдылар: адамдармен жұмыс.

Ғимараттар, көппәтерлі үй басқарушысы

Энергия құнының өсуі сараланған және үнемді тұтыну қажеттілігіне әкеледі. Тұтыну саласындағы маман тұтынушылар үшін энергия тарифтері төмен болатын кезеңді анықтай алады, үнемді тұтыну бойынша ұсыныстар жасай алады. Тұрмыстық техниканың үлкен таңдауы бар, адамның энергияны тұтыну деңгейін бағалау әрдайым мүмкін емес. Көп пәтерлі үйлер үшін энергия тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар пайдалы болады. Сондықтан мұндай мамандардың қызметтеріне сұраныс артады. Құзыреті: тұрмыста пайдаланылатын тұтынушылардың энергия тұтыну деңгейін зерттеу, сараланған тарифтер, энергия тұтыну квоталары, белгілі бір аудандар тұрғындарының ерекше тұрмыстық қажеттіліктері негізінде тұтынудың оңтайлы режимдерін айқындау, неғұрлым үнемді тұтынушыларды пайдалану, тұрмыстық техниканы пайдаланудың оңтайлы уақыты және т.б. бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Қалалық модератор

Энергия құны өседі. Бұл - қазіргі әлемнің үрдісі. Энергияны үнемдеу үшін барлық: кәсіпорындар мен жеке тұлғалар. Халықтың бір бөлігі үшін бұл наразылық тудыруы мүмкін. Болашақ мамандары энергия үнемдеу тұжырымдамасын әзірлеп қана қоймай, халықпен жұмыс істеуге, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, халықтың шиеленісін азайтуға, энергия үнемдеудің ыңғайлы жолдарын жасауға мәжбүр болады. Құзыреті: қабылданған энергия тұтыну саясатына сүйене отырып, халықпен жұмыс істеу тұжырымдамасын әзірлеу, энергия үнемдеуді насихаттау жөніндегі іс-шаралар жобаларын әзірлеу, тұрғындардың энергия үнемдеуден қолайсыздықтарын төмендету бойынша іс-шаралар әзірлеу.

мамандықСандық заңгер

Жаңа цифрлық шындықта құқықтық сүйемелдеумен айналысады. Цифрлық ортадағы қатынастарды реттейтін НҚА әзірлейді. Жаңа АТ-ға жекелеген елдердің НҚА сәйкестігін тексереді. Әзірлеушілер мен пайдаланушыларға деректердің қауіпсіздік, ашықтық және қадағалану қағидаттарына сәйкестігі бойынша кеңес береді. АТ саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты тергеу немесе қорғаушылық функцияларды орындайды.

Кибер тергеуші

Сандық ортада жасалған қылмыстарды тергеумен айналысады. АТ-криминалист, киберқылмыстың жаңа құралдарын, мақсаттары мен арналарын қадағалап талдайды және қазіргі заманғы АТ арқылы оларға қарсы тұрады.

Киберқорғаушы

Клиентті сандық кеңістікте, виртуалды және аралас шындықта кешенді құқықтық қорғауды жүзеге асырады. Клиенттің құқықтары бұзылған жағдайда, оның мүдделерін қорғайды. Клиенттің биометриялық портреті бар, ол клиентке қатысты құқық қорғау органдарының тарапынан күдік туындаған жағдайда тұрақты дәлелдің болуын қамтамасыз ету үшін кез келген құрылғылармен байланысын белгілей алады.

Экологиялық туризм менеджері

Экологиялық туризм жөніндегі менеджердің міндеттеріне туризмнің осы бағытын құру мен алға жылжыту жөніндегі жұмыстардың барлық түрлерін ұйымдастыру кіреді: жергілікті атқарушы билікпен өзара байланыс, инвесторларды тарту, мүдделі тараптардың шарттың барлық міндеттемелерін орындауына бақылау жүргізу. Экотурлардың тұжырымдамасын әзірлеумен айналысады, тұрақты даму тұжырымдамасының шеңберінде туристік дестинацияларды стратегиялық дамытумен, тұрақты дамудың басты индикаторларын әзірлеу мен мониторингін жасау, барлық ресурстарды үнемді пайдалануға жауап береді. Бүған қоса осыған ұқсас, медициналық және қолжетімді туризм менеджері, қауіпсіз туризм менеджері сынды мамандықтар да табылады. 

"Ақылды үй" жобалаушысы

"Ақылды үй" дизайнері адамның қажеттіліктері мен оның бюджетіне сәйкес үйдің не пәтердің тіршілігін қамтамасыз етудің жеке жүйесін жобалайды, орнатады және конфигурациялайды. Мобильді қосымша арқылы бірыңғай басқару орталығы бар мұндай жүйе, мысалы, тұрмыстық техниканы, қауіпсіздік жүйесін, жарықтандыруды, климат-бақылауды, аудио-жүйені, энергия және сумен жабдықтауды және т.б. біріктіре алады.

"Ақылды жолдарды" жобалау бойынша маман

"Ақылды жолдың" жаңа интеллектуалды жол-көлік компоненттерін кәсіби түрде біледі. Белгілі бір шешімдерді қолданудың артықшылықтарын біледі, мысалы, көлік құралдарына, жолдарға, бағдаршамдарға және көше белгілеріне қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, жол кептелісі мен бөгелісін азайтуға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға көмектесу үшін өзгеретін жағдайларға автоматты түрде бейімделуге көмектесетін заттар интернетінің технологиясын қолдану.

Айта кетейік, 2013 жылы Ресейдің "Сколково" басқару мектебі 2020 жылға таман жоғалып кететін 30 мамандықты атаған еді. Ресейлік ғалымдардың пікірінше 2020 жылға дейін турагентер, дәріс оқушылар, тігіншілер, машинистер, хат тасушылар, вахта қызметкерлері, құрылыс жұмысын жүргізушілер, журналистер, логистер, нотаруистер мен провизорлар, заң саласындағы кеңесшілер, жол-көлік инспекторлары, копирайтерлер, тамақ пен зат тасушылар, кітапханашылар мен мұрғатышылар, бұрғылаушылар, жүйелік әкімшілер, шахтерлер мен аналитиктер жоғалады деп болжапты.

Алайда ғалымдардың болжамы мүлдем орындалмады. Ал соңғы кездері дәріс оқушыларға мен тамақ тасушылар деген сұраныс тіпті артып кеткенін байқауға болады. 

Талқылау