Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көрікті жігіт екен": Алтынай Жорабаева көпшіліктен жасырған екінші күйеуін көрсетті

Алтынай Жорабаева көпшіліктен жасырған күйеуін ашық көрсетті. Әнші жолдасымен жаңа жобаны қолға алғанын айтып сүйінші сұрады. Желідегі оқырманы күйеуінің сымбатты азамат екенін айтып жатыр. 

Алтынай Жорабаева жақында екінші рет тұрмыс құрды. Оған дейін Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқанын көпшілікке мәлім етті. Екінші жолдасының жүзін жасырып келген әнші енді суретін ашық жария етті. 

"Қымбатты оқырмандарым! Көрімдіктеріңізді ақ тілектеріңіз арқылы жаудырыңыздаршы. Бізге тілеген тілектеріңіз еселеп қайтсын. Көптен бері сіздерді Алла қосқан жолдасыммен бірге жаңа жоба бастап жатқанымыз туралы айтамын деп уәде еткен болатынмын! Сол уақыт келіп жеткен сияқты", - деп жазды Жорабаева.

Әнші жолдасы екеуінің отбасылық бизнесті қолға алғанын бұған дейін де талай айтқан еді. 

Әншінің екінші жолдасы туралы көп мәлімет айтылмайды. Алтынай ханым тек оның кәсіпкер екенін, өнер әлеміне қатысы жоқ жан екенін айтқан еді. Бүгінде қыздары оны "әке" деп атап жүр. 

Желідегі оқырмандары әртүрлі пікір жазып жатыр. 

"Ма ша аллаһ, жігітіңіз нағыз ер екен, соған лайықты ұл сыйлап қуантыңыз. Бақытты отбасы болыңыздар", "Екеуіңіз бір-біріңізге қатты ұқсайды екенсіңдер. Ұқсайтын жұп бақытты болады. Екеуіңізге бақыт тілеймін", "Алтындай Алтынай ханым. Алла тағала жар болсын. Сізді кішкентай кезімнен көріп өстім. Жарайсың алға. Ісіңіз алға бассын. Барлық жанұяда осындай бизнес болсын, ауызбіршілік пен ынтымақтастық болсын. Бақытты болыңыз", - деп жазды олар.

Талқылау