Жанболат Мамайға лайк басқан: Мұғалімдердің әлеуметтік желісін тексеріп, жазалап жатыр
Сайлау жақындаған сайын Қазақстанның мұғалімдеріне оппозицияда жүрген Жанболат Мамай сияқты азаматтарға лайк басуына да болмайтын сияқты. Мәселен, Атырау облысы Жылыой ауданының білім бөлімі бүкіл мектеп директорларына деп бұйрық шығарып, онда мұғалімдердің қай әлеуметтік желіде кімге лайк басып, комментарий жазып жүргенін саралауды тапсырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.


"Хатты көргенде қатты ренжідім. Маған қатты әсер етті. Неге ренжідім? Ауданда, облыста проблемалар айтып, мұғалімдер мәртебесін көтеруге өз үлесімді қосып жүрген соң сондықтан маған қатты әсер етті. Мені тұсап тастағандай болды. Әлеуметтік желіде кімге лайк басамыз, кімге баспаймыз ол менің өз еркім сияқты. Бірақ осы еркімді шектеп отыр", - дейді Жанаргүл Шарғабаева.
Бұл бұйрықтың көшірмесі Жанболат Мамайға да жетіпті. Қоғам белсендісі мұндай тапсырма Жылыой ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша берілген дейді.
"Бұл хат өздерінің еркімен жазылған емес, республика бойынша сайлаудың қарсаңында оппозициялық күштер бірігіп жатқан тұста, сайлауға байкотқа шақырып жатқан тұста міне, осындай тапсырмаларды беріп жатыр деп есептеймін. Ал аудан әкімдігі бұндай тапсырманың берілуін қате деп санамайды", - дейді Жанболат Мамай.
Ұстаздардың түрлі бағыттағы посттарды қолдап комментарий жазуы өскелең ұрпаққа кері әсерін тигізеді дейді олар. Ал, хат тек ұсынымдық сипатта жазылды дейді. Дегенмен, аудан әкімі осыған орай арнайы жиын өткізіп, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушыға «қатаң сөгіс» және аудан әкімінің орынбасарына қадағаламағаны үшін «сөгіс» бергенін хабарлады.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері